Көл жағасына демалуға келген жас жігіт жағалаудан өзінің қиялындағы аруын жолықтырады. Алайда махаббат бар жерде қарсылықтың да қатар жүретін аксиомасы бұл оқиғадан да айналып өтпейді: сұлудың некелі жары бар екен.
Иә, махаббат бар жерде қарсылық қатар жүреді. Қайшылықпен бетпе-бет келгенде, сезімнің де, өнердің де ішкі қарсылық қалыптастырары сөзсіз. Махаббат қолжетімсіз болған сайын, оған деген ессіз құштарлықтың өрши түсері — өмір заңдылығы. Міне, осы шарасыздықтың шыңында ұлы сезім — Махаббат тұр.
Сөзбен айтып жеткізгісіз сезімдердің әсері музыка тілінде үн қатқанда тіпті күшейе түспек. Жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы әуен тербеген ғашықтардың махаббат хикаясы көрерменін де бей-жай қалдырмасы анық.
Характеристики
Место проведения:Жастар
Дата события:09.12.2025
День недели:Вторник
Яндекс. Афиша
Яндекс.Афиша — крупнейший агрегатор билетов на мероприятия в России.