Адамзаттың мәңгілік тақырыбы-махаббат пен қасірет туралы ежелден белгілі оқиға екендігі аян. Италияның Верона қаласындағы бір-бірімен бітіспес жау көршілес екі әулет жастарының трагедиялық махаббаты бұл жолы Сәкен театрының сахнасында музыка, дауыс және қимыл-қозғалыс басты тілге айналатын жаңа формада жанданады. Сөз дыбысқа, ырғақ тынысқа айналады, ал дене пластикасы кез келген репликадан күштірек сезім туғызады. Еркіндікке ұмтылған жастық шақ. Араздыққа қарсылық танытқан махаббат. Қас-қағым сәтті мәңгілікке айналдырған тағдыр. Қойылымның ерекше құндылығы оның қазақ тілінде жеткізілуінде, бұл тарихты көрерменге тіпті жақындата түседі. Махаббат трагедиясында кейіпкерлердің үні-дауыс қана емес, құштарлық пен сүйіспеншілік музыкасы естіліп, жан-дүниеңізді баурайды…
Характеристики
Дата события:26.06.2026
День недели:Пятница
Яндекс. Афиша
Яндекс.Афиша — крупнейший агрегатор билетов на мероприятия в России.